Үш облыста жол жабылды
Үш облыста жол жабылды
368
оқылды

Қазақстанның үш аймағында қар мен мұздың салдарынан жолдарда көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысында Алматы–Өскемен жолдарының (Аягөз қаласынан Алматы облысының шекарасына дейін), Таскескен–Бақты (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін), Өскемен–Шемонаиха учаскелерінде жүк және тұрақты жүретін жолаушылар көлігі қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында боранға байланысты Самара–Шымкент республикалық тасжолының Белогорка ауылынан Ырғыз ауылына дейінгі учаскедегі қозғалыс толығымен жабылды.

Қостанай облысында көліктің барлық түрлеріне Қостанай–Әулиекөл (Қостанай қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін), Мамлютка–Қостанай (Қостанай қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеулер қойылды.