Жылдың үздік 10 боксшысы анықталды  
Жылдың үздік 10 боксшысы анықталды   
5,152
оқылды
2020 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылардың ондығы жарияланды. Boxrec.com сайтында үлкен басымдықпен әлі де Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) көш бастап келеді. Ол жетінші раундтан кейін Польша боксшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, IBF және IBO белбеулерін сәтті қорғады. Қазақстандық боксшылар арасында екінші орында Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО). Данияр қараша айында IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта чемпион атанды. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) қазақстандық үздік боксшылардың үштігіне кірді, –  деп Sports.kz. BoxRec рейтингі бойынша үздік қазақстандық боксшылардың ондығы мынадай:
  1. Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) — 373.1
  2. Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) — 29.84
  3. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) — 28.17
  4. Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) — 16.74
  5. Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) — 15.31
  6. Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) — 11.57
  7. Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) — 10.82
  8. Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) — 8.485
  9. Бобиржан Моминов (12-0, 8 КО) — 8.281
  10. Руслан Мадиев (13-1, 5 КО) — 8.078.