Алматының бір көшесін полиция қоршауға алды
Алматының бір көшесін полиция қоршауға алды
5,180
оқылды

Көше қиылысынан күмәнді қорап табылған

Бұл туралы қалалық полиция Департаменті хабарлады. Олардың айтуынша Саин мен Төле би көшелерінің қиылысындағы күмәнді зат туралы қоңырау келіп түскен. «Қаланың шұғыл және жедел қызмет өкілдері мұндай жағдайда алдымен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөледі. Сондықтан ол жер дереу қоршалып, патрульдік полиция қызметкерлері көліктерді басқа бағыттарға қарай бұрды», – деп жазылған хабарламада.

Тексеріс барысында қораптың бос екені анықталған. Бірақ, соған қарамастан Алматы қаласы полиция Демартаменті тұрғындарға қырағылығы үшін алғыс айтады.