Ақтаудағы сәби өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты
Ақтаудағы сәби өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты
194
оқылды

Қайғылы оқиғаға байланысты полиция тергеуді бастады.

Ақтау қалалық білім бөліміне сілтеме жасаған Tengrinews-тің жазуынша, Ақтауда бір жасар бала қайтыс болған пәтер жекеменшік балабақша ретінде ресми түрде тіркелмеген.

Әйел адам үйінде отырып, бала күтушісі ретінде қызмет көрсеткен. Қайғылы оқиға болған күні пәтерде шетінеген сәбидің қасында одан бөлек тағы екі бала болған. Балаларды қарап отырған әйелдің де өзінің 5 баласы бар. Ерлі-зайыптылар 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Бала күтушісі ретінде бұрын-соңды оның үстінен шағым түспеген. Әзірге бір жасар сәби аллергиядан көз жұмғаны болуы мүмкін деген болжам бар.