Табысына қарамастан, 340 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алады
Табысына қарамастан, 340 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алады
220
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдан бастап 340 мың отбасы жәрдемақы алатынын айтты.

«Көпбалалы отбасыларға жеке мемлекеттік жәрдемақы енгізу көзделген. 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар жанұяларға отбасының табысына қарамастан, жәрдемақы төлеу көзделіп отыр. Біздің есебіміз бойынша, аталған жәрдемақыны жаңа жылдан бастап 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы алатын болады», – деді министр.

Оның айтуынша, отбасыдағы балалар санына байланысты 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін жәрдемақы белгіленеді.