Tag: Хирургия
Бір жыл ішінде жүрекке жасалған ашық операциялардың саны 13 мыңнан асты
Қазақстанда жоғары технологиялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту жүйелі түрде жалғасуда.
Мәжіліс депутаты пластикалық хирургия клиникаларын жаппай тексеруді талап етті
Депутат Ақтау мен Алматыдағы липосакциядан кейін болған қайғылы жағдайларды мысалға келтіріп, мәселенің жүйелік сипат алғанын айтты.
Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 8 бірегей артроскопиялық ота жасалды
Барлық ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін жүргізіледі. Бұл мүмкіндік Алматы қаласының тұрғындарына ғана емес, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген балаларға да қолжетімді.
Биыл дәрігерлер феталдық хирургияның арқасында 105 нәрестенің өмірін сақтап қалды
10 айда жаңа туған нәрестелердің өлімі 1 мың тірі туған нәрестеге шаққанда 3,4-тен 3,1-ге дейін төмендеді.
Семейде 200 орындық балалар ауруханасы мен ядролық медицина орталығының хирургиялық корпусы салынады
Семей қаласында 200 орындық балалар ауруханасы бой көтермек.
Қазақстанда дәрігерлер 20 жаңа бағыт бойынша білім алады
Денсаулық сақтау министрлігі сұранысқа ие мамандықтар бойынша резидентураның балалар бейіндерін енгізеді.
Астанада дәрігерлер үш айлық сәбидің миына күрделі ота жасады
Астанада дәрігерлер үш айлық қыздың миындағы көлемі ірі ісікті алып тастады, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Юрий Пя: Хирург ретінде айтарым, бір адам ештеңе тындыра алмайды
ALEM – Expo 2025 көрмесі: Юрий Пя Жапонияда донорлық органдарды сақтауға арналған қазақстандық құрылғыны таныстырады.
Облыс тарихындағы алғашқы бауыр трансплантациясы сәтті өтті
Түркістан облысы мамандарының жоғары біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында өңірде алғаш рет науқастың бауырын ауыстыру отасы сәтті жасалған.
Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаған Камал Ормантаев қайтыс болды
Дәрігерлік еңбек жолында ол 20 000-ға жуық күрделі операция жасап, мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды.
Жаңа хирургиялық робот өте жұқа жүгері дәнін де тіге алады
Sony өзінің жаңа хирургиялық роботын көрсетті. Ол тіпті жүгері дәніндегі кішкене саңылауларды тігуді өте дәл, нәзік орындайды. Робот қажетті құралдарды өзі жылдам ауыстыратын бірінші машина.
