Қазір алыстағы Марсты америкалық бір ғана аппарат кезіп жүр. Ол қызыл планетаның топырағын зерттеп, құрамын анықтап Жерге мәліметтер мен өзі түсірген суреттер жібереді. Адам баласының қызыл планетаға қондырған ровері зерттеуін жалғастыруда.
Адамды қоршаған бактериялар қазіргі антибиотиктерге бейімделіп, төзімді бола бастады. Денсаулық сақтау ұйымдары мұны жаһандық проблема деп отыр. Ғалымдар супербактерияларды бірден жойып жіберетін күшті полимерлер тапты.
Жасыл экономика көшін бастайтын елдер арасында бәсеке қызу жүруде. Көптеген трансұлттық компаниялар бұл бағытта таза энергияға көшу мақсаттарына жетуге белсенді қимылдауда.
2024 жыл NASA-ның Күнді зерттеуі табысты болмақшы. Ғарыш агенттігі күн зонды миссиясына сәйкес, Parker Solar ғарыш кемесін «Күнге қондыруды» жоспарлап отыр.
Күнде бірнеше рет инсулин салатын қант диабетімен ауыратын адамдар үшін жағымды жаңалық тарады. Енді инсулинді күнде салудың қажеті жоқ, ғалымдар аптасына бір рет қана салынатын smart инсулинді сынақтан өткізуді бастады.
Қытайлық BYD компаниясы әлемдегі ең ірі электр көлік өндірушісі деген атақты алуға жақын қалды. Бұған дейін бұл атаққа Илон Масктың Tesla компаниясы ие болып келген.
Беделді The New York Times басылымы ChatGPT-ді авторлық құқықты бұзды деп айыптады. Танымал чат-бот қолданушылардың сұрауына беделді газетте жарияланған мақалаларды қолданып жауап беретіні анықталды.
Солтүстік Атлант мұхитының түбінде динозаврларды жойып жіберген астероидтың соғылуынан пайда болған кратер табылды. Ені 400 метрлік астероид Жермен соқтығысқанда биіктігі 900 метрлік цунами пайда болған. Мұндай цунами үлкен құрлықты шайып жіберуге қауқарл...
АҚШ-та және шетелде ірі технологиялық компаниялардың қызметінің қауіпсіздігіне қатысты талаптар күшейтілуде. Адамның жеке өмірін бақылау, оның қандай интернет сайттарға кіретіні, қандай қызметтерді қолданатыны үлкен қаржы табу көзіне айналды. Жеке өмірдің...
Әдетте, қоян жылының соңына таман тарихшылар мен мәдениеттанушылар арасында қызу пікірталас өрбиді. Оған себеп: бір жақ келер жылы ұлу кіреді десе, енді бірі – айдаһар жылы дейді.
Климаттың өзгеруінен полюстердегі мұздықтар жылдам ери бастады. Еріген су әлемдік мұхиттың деңгейін көтереді. Мұхит жағалауында орналасқан мемлекеттер үшін бұл қауіпті дейді ғалымдар.
Автокөлік дизайнындағы ең заманауи тренд сәулет өнеріне ауысқан сияқты. Bentley, Porsche, Lamborghini және Aston Martin компанияларының жоғары профильді жобаларынан кейін Mercedes-Benz те үй салумен айналысатын автокөлік компаниясына айналды.
Тағы бір ірі америкалық компанияға қатысты шу шықты. Дәмді кофе жасайтын Starbucks желісі тұтынушыларды алдап келген деген айыптар айтылуда.
Адамның көмекшісі бола алатын жасанды интеллект жүйелері 2024 жылдан бастап қолжетімді бола бастады. Microsoft корпорациясы бұрын ақылы болып келген соңғы үлгідегі генеративті ЖИ қолданбасын Android үшін де, iOC (iPhone) үшін де тегін таратуда.
Әлемде үздік фотосуреттерге жыл сайын байқаулар өткізіледі. Кәсіби фотографтардан бастап әуесқойлар да өздерінің сәтті түсірілген фотоларын байқауға ұсынады. Оның ішінде таңғаларлық жауһарлар да кездеседі.
Бүгінге дейін екі тілде сөйлейтін, бірін-бірі түсінбейтін адамдарға аудармашы керек болды. Енді аудармашының орнына телефонды қолдануға болады. Бұл адамдар арасындағы коммуникацияны мүлдем басқа деңгейге шығарады.
Әрбір елдің, ұлттың өзіндік ерекшеліктері интернетті қолданудан да көрінеді. Ол ерекшеліктер Google-да жасалған сұраулардан да жақсы байқалады.
Айға өздерінің миссияларын жіберген, онда кемелерін қондырып зерттеген әлемде 4 мемлекет бар. Солардың қатарына қаңтар айында бесінші болып Жапония кіруі мүмкін.
Кезінде әлемдік электроника нарығында көшбасшы болған Toshiba компаниясының жағдайы өте қиын. 74 жыл бойы Токио қор биржасында сатылып келген компанияның акциялары биржаның тізімінен шығарылды. Бұл корпорация Қазақстанда АЭС салуға да ниет білдірген.
Бүкіл әлемде iPhone 15 сериясы шыққаннан бері дүрбелең әлі басылмай отыр. Смартфонды жақтаушылар да, оның кемшіліктерін айтушылар да көп. Жаңа USB-C кабеліне ауысқан құрылғыдан тағы бір кінәрат табылды.
Жердің табиғи серігіне әлемнің бірнеше елі өздерінің ғарышкерлерін жіберіп, тұрақты станциялар салуға дайындық жасауда. Жақын жылдары АҚШ-тың Айға бірнеше миссиясы жоспарланған. Ресей мен Қытай да өздерінің экспедицияларын дайындауда.
Жаңадан жасалып жатқан Нептун капсуласымен 30 шақырым биіктікке көтеріліп, ғарышты тамашалауға болады. Капсуланың алғашқы нұсқасы Флорида штатында көрсетілді.
Әлемдегі әскерилер бәсекесінде Ресей мен АҚШ-тың ұшақтарына тең келетін жойғыш ұшақ жоқ. Оларды әуе қорғаныс жүйелері көре алмайды, таба алмайды. Олар жасырын ұшып келіп, жойқын соққы береді. Солардың бірі – F-35 әскери ұшағы.
Қазіргі балалар өз өмірін компьютерлік ойындарсыз елестете алмайды. Олар үшін ең жақсы сыйлық – смартфон мен планшет. Бірақ психологтар «онлайн ойындарды ұзақ уақыт, қадағалаусыз ойнау жаңадан қалыптасып жатқан ми мен жүйке жүйесіне өте зиянды» деп дабыл...
Таяуда Перу мен Польша ғалымдары Анд тауларынан табылған 14 жастағы қыз баланың мумиясының реконструкциясын жасап шықты. Археологтар оны осыдан 500 жылдай бұрын өмір сүрген Инк тайпасының өкілі деп жорамалдайды. Мумияланған мүрде 6000 метр биіктікте...
Форбс тізіміндегі миллиардерлер де мерекелерді қарапайым адамдар сияқты тойлайды. Бірақ азаматтардың біраз бөлігі жақындарына, әріптестеріне қымбат сыйлық жасауға ұмтылғанымен, жеке ұшақтары бар адамдардың сыйлықтары сәл өзгеше.
Көпшілікке танымал миллиардер жерасты бункерін сала бастады. Бункерде құтқару люгі мен «жарылысқа төзімді» есік те бар. Миллиардер кімнен қорқады, ақырзаманға дайындала бастаған ба?
Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы Уран мен оның серіктерінің керемет көрінісін түсірді. Жаңа фотосуреттер сақиналы планетаны керемет егжей-тегжейлі көрсетеді, оның ішінде көгілдір планетаны қоршап тұрған сақиналардың әдемі суреттері бар.
Танкке көбірек ұқсайтын Tesla Cybertruck көлігі туралы соңғы кездері жиі айтыла бастады. Оның тот баспайтын болаттан жасалған оқ өтпейтін шанағы (кузов), жүк сыйымдылығы туралы Aikyn.kz те бірнеше материалдар жариялады. Бүгін Cybertruck өндірісі қалай ұйы...
Ғарышта үстемдік жүргізу бәсекесінде оны игеруге арналған аппараттарды сынауды көптеген мемлекет жүргізуде. Жақында NASA агенттігі Sierra Space компаниясы әзірлеген көп рет пайдалануға болатын ғарыш ұшағын сынауды бастады. Ұшақ ғарышта жүк тасымалдау жүй...
Жақындап қалған Жаңа жыл мерекелік дастарқанға қойылатын тағамдарды өте сақтықпен таңдауға дәрігерлер кеңес береді. Олардың құрамында пайдалы да, денсаулыққа зиянды әсер ететін заттар болуы да мүмкін.
Жасанды интеллект жүздеген миллион ой еңбегі қызметкерлерін жұмыссыз қалдырады. Бүкіл әлем бойынша 1 млрд адамға жұмыстан қысқарып қалу қаупі төнуде. Қандай мамандықтарды таңдаған жөн?
"Ғаламда адамнан басқа тіршілік иелері бар ма?" деген сұрақтың жауабын ғалымдар бұрыннан іздеуде. Бүкіл ғаламда Жаратушы тек Жерді ғана өмір сүруге ыңғайлы етіп жаратқан ба? Біз түсіне алмайтын тіршілік иелері тағы қандай планеталарда болуы мүмкін?
Роботтар жүк тасып, көлік жүргізуден басқа күрделі оталар жасауға да үйретілген. Роботтар хирургтің қолынан да дәл, нәзік жұмыс істейді. Осындай роботтарға өміріңізді сеніп тапсыра аласыз ба?
Технологиялық құрылғылар жыл сайын жаңарып, қолданушыға ыңғайлы түрде ұсынылады. Компаниялар өздерінің жаңалықтарын жаңа құрылғының тұсаукесеріне дейін құпия ұстайды. Кейде Apple сияқты алпауыттардың құпиясы әлеуметтік желіде жария болып кетеді.
Қыжыл деп – асқазанның жоғары бөлігінде және өңеште ыңғайсыздық пен күйдіру сезінуді айтады. Ол асқазанның жоғары жағындағы қышқылдың өңешке көтерілуінен туындайды.
Ғарышта жемістер мен көкөніс өсіруге арналған жобалар іске асырылып жатқаны белгілі. Мұндай технология, әсіресе, Марсқа жоспарланған 1,5-2 жылға созылатын экспедицияны азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қажет. Сондай эксперименттің бірінде қызықты жағдай б...
Ұшқышсыз аппараттарды пайдалануды реттеуді көптеген ел қолға ала бастады. Америка мен Еуропа елдерінде ондай ұшақтарды реттейтін бірқатар заң да қабылданған. Дрондарды ұшыруға қатысты ережелер Қазақстанда да бар.
Еуроодақ жасанды интеллекті реттейтін маңызды заң қабылдайтын болды, технологияны дамытуға шектеу режимін енгізуге көшті. Адамзатқа пайдасы мен қатері бірдей бағаланып отырған жасанды интеллект технологиясын тежеу мүмкін бе?
Өзінің уәдесінде тұрған Google компаниясы жаңа Gemini жасанды интеллектін жасап шығарды. Сынақта ол 57 ғылыми бағыт бойынша сол саланың мамандарынан да асып түсетін қабілет көрсеткен. Бұған қуанамыз ба, әлде қорқамыз ба?
Криптовалютаға деген қызығушылық мемлекеттік органдарға да жетті. Кейбір елдерде биткоин ресми төлем құралы ретінде қолданылады. Жақында Сальвадор президенті биткоин инвестициясынан рекордтық 3 миллион доллар табыс тапқанын жариялады.
Мектеп оқушыларына сабақта телефон ұстауға рұқсат беру мәселесі көптеген елде талқылануда. Британдық оқу жүйесіндегі элиталы мектептер мен мемлекеттік мектептерде смартфон ұстауда шектеулер енгізіле бастады. Мұндай тыйым басқа елдерде де бар.
Жалқау адам бай бола алмайды, ұйқыны жақсы көретін адамның табысты болуы да қиын. Сергектік шақыратын кофенің әсері тез кетеді, ал энергетикалық сусындар ағзаға өте зиян. Төмендегі кеңестерге назар аударыңыз.
Смартфонды жоғалып алғанда немесе смартфон ұрланғанда WhatsApp чаттарын құпия кодпен жасыруға болады. Бұл функция телефондағы жазбаларды көруге қызығатын кейбір достардан да сақтайды.
Әрбір дельфинге туа салысымен ат қойылады. Әрбір бала дельфин өзінің атын білдіретін ысқырыққа жауап береді. Дельфиндер бейбіт өмір сүреді, бір-бірімен сөйлеседі және ешқашан ұрыспайды, төбелеспейді. Олар ешқашан өз туыстарына қастық жасамайды, қызғанышты...
Табиғаттағы сұлулық пен қатыгездікті қатар көрсететін фотосуреттер байқауынан ерекше 25 сурет таңдап алынды. Олардың ішіндегі үздігін көрермен таңдайды. Жалпы биылғы байқауға жабайы табиғатты бейнелейтін 50 000 жұмыс келіп түскен.
Жүк талғамайтын көліктен гөрі танкке көбірек ұқсайтын Tesla-ның жаңа электромобиліне қызығушылық өсті. Қараша айының соңғы күні Илон Маск алғашқы он көлікті тұтынушыларға табыстады. Төрт жыл күттірген Cybertruck ақыры жолға шықты.
Әлемнің жетекші ғалымдарының пікірінше, радиология ғылымының келешегі фантастика әлемімен шектесуге сәл қалып тұр. Келешекте радиолог ғалымдар сәулелі диагностика мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұштастыру арқылы адам нанғысыз табыстар мен жаңалықтарғ...
Өмірімізді электрондық қызметтерсіз елестету мүмкін болмай қалды. Бір күн интернеттен ажырап қалған адамның қаншалықты қиналатынын болжаудың өзі қиын.
2019 жылдың қарашасында Tesla дизайн студиясында алғаш рет көрсетілген Tesla Cybertruck жаппай сатылымға ұсынылды. Кейбір сарапшылар Илон Масктің «танкісі» ешқашан конвейерден шықпайды деп ойлаған еді.