CNBC телеарнасының материалына сүйенген Aikyn.kz озық технологиялардың энергетикалық жүйенің өзгеруіндегі рөлін талдайды.Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман: «Мұнай енді энергетикалық қауіпсіздік мәселесі емес». Фото Reuters сайтынан алынды. Авторлығы: Saudi Press Agency
Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бен Салман Эр-Риядта өткен жыл сайынғы Future Fossils форумына қатысушылар алдында: «Мұнай енді энергетикалық қауіпсіздік мәселесі емес – оның орнын газ, электр энергиясы және пайдалы қазбаларға жататын металдар алмастырады», – деген мәлімдеме жасады.
Энергетика министрі литий, кобальт, никель, графит, марганец және басқа да сирек кездесетін элементтердің энергия түрлерінің өзгеруінде маңызды рөл атқара бастағанына тоқталды.
Қытай қазіргі уақытта әлемдегі сирек кездесетін минералдар мен материалдар өндірісінің шамамен 60%-ын бақылайды. Байлығы мен зор мұнай қоры бар Парсы шығанағы Корольдігінің энергетикалық саясаты да өзгере бастады. Корольдік басшылығы алдағы шайқас жерастында көмілген өте әртүрлі металдар мен маңызды минералдар үшін болатынын айтады.
Бүгінде кейбір елдер маңызды минералдар мен пайдалы қазбалардың 50%-на дейін иелік етеді. Басқа дамыған елдер де маңызды пайдалы қазбаларға қол жеткізуге және өздерінің өндірісін бағалы шикізатпен қамтамасыз етуге асығуда. Ресурстарға қол жеткізуге деген бәсеке металдардың қымбаттауына және энергия бағасының өсуіне әкелуде.Жасыл энергия көздеріне ауысуда литий, кобальт, марганец сияқты минералдарға сұраныс өсті. Иллюстрация newsweek.com сайтынан алынды. Авторлығы: Stock.Adobe.com / ArgitopIA
Жасыл энергия көздеріне ауысуда литий, кобальт, никель, графит, марганец және электр көліктері, батареялар, жаңартылатын энергия технологиясы, компьютерлер және тұрмыстық техника сияқты заттарды жасауға қажетті басқа да сирек кездесетін элементтерге сұраныс өсті.
Қытай қазірдің өзінде әлемдегі сирек кездесетін минералдар мен материалдар өндірісінің шамамен 60%-ын бақылайды. Бұл көптеген елдерді, әсіресе Батысты алаңдатып отыр. Өйткені бұл ресурстардың ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылық үшін маңызы өсуде.
Жасанды интеллект жүйелерінің жылдам дамуы деректер орталықтарын көбейтті. Ал олар өз кезегінде энергияға деген сұранысты арттырды. ЖИ, деректер орталықтары, криптовалюта өндіру өсуде. Сарапшылар ертең энергияға сұранысты қанағаттандыру қиын болатынын айтуда. Энергия үнемдеу технологияларына қарамастан, әлемде электр энергиясына тапшылық өсіп келеді. Көптеген баспасөз хабарламаларында АҚШ-тың Энергетика министрлігіне сілтеме жасап, елдің электр желісі 2030 жылға қарай 25 гигаваттқа дейін жаңа деректер орталықтарына қажеттілікке тап болуы мүмкін екені болжанған.Сирек кездесетін минералдар ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылық үшін маңызды. Фото euronews.com сайтынан алынды. Авторлығы: Tom Hegen
Аса сирек кездесетін минералдар мен металдар күн панельдері мен жел турбиналары сияқты жаңартылатын технологиялар үшін де қажет. Олар көптеген елдердің энергетикалық жүйесін қазба отындарынан жасыл энергия көздеріне ауыстыру жоспарының негізін құрайды.
Қытай дүниежүзіндегі марганецтің 10%-дан аз көлемін өндіреді. Соған қарамастан әлемдегі тазартылған және өңделген марганецтің 95%-ы Қытайға тиесілі. Марганец – аккумуляторлар мен болат жасауда қолданылатын химиялық элемент.
Сауд Арабиясы сәрсенбіде (15 қаңтар) пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің жаһандық хабына айналуға ұмтылғандықтан, тау-кен өнеркәсібіне 100 миллиард доллар инвестиция салатынын хабарлады. Корольдік өз шекарасында литийді, сондай-ақ басқа да маңызды пайдалы қазбаларды барлауды айтарлықтай кеңейтуді жоспарлап отыр. Тау-кен секторын дамыту және жеткізу тізбегіне инвестиция салу Сауд Арабиясының мұнайға тәуелділіктен экономиканы әртараптандыруға арналған Vision 2030 миссиясының маңызды бөлігі болып саналады.
Әлем өзгеруде, энергияға сұраныс та өсуде. Сирек кездесетін металдар мен минералдың үлкен қоры бар Қазақстанның бұған дайындығы қалай?
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.