Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың тұңғышы дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Қуанышты жаңалықты ұлттық құраманың өкілі Қайрат Ернұр Instagram парақшасында жазды.
«Әке атануыңмен, @tashkenbay_sanzhar!» – деп жазды спортшы өз жазбасында.
Белгілі болғандай, Санжардың тұңғышы – ұл бала, есімі – Омар.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Аяулым есімді арумен шаңырақ көтерген.
Санжар бар-жоғы 19 жасында бокстан әлем чемпионы атанған еді. Ташкентте өткен аламанда ол қарсылас шақ келтірмеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.