Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сұлтан Нұрдаулетов ZOOM бағдарламасы арқылы Талғар ауданының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде Сұлтан Нұрғайыпұлы партияның Талғар ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы жоспарларды баяндады.
Сайлауалды бағдарламада аудан дамуының негізгі 7 басым бағыттары айқындалған. Тұрғындарды толғандыратын мәселелер басшылыққа алынып, алдағы бес жылдық жоспар жобаланған. Лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындары құрылатынын айтқан үміткер:Сұлтан Нұрдаулетов ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдау қолға алынғанын, бес жыл ішінде өңірде 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын тілге тиек етті. Сол арқылы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға қол жеткізілетінін айтты. Онлайн форматта өткен кездесуде үміткер қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Сондай-ақ ардагерлерді сайлауға белсенді қатысуға шақырып, өз таңдауларын жасауға үндеді.– 2022 жылы металл конструкцияларынан бұйымдар өндіру зауыты мен шатыр және сайдинг панельдері дайындайтын зауыт салынады. Ал 2023 жылы болса 3 зауыттың құрылысы басталады. 2024 жылы бетон және темір бетон бұйымдарын өндіру бойынша 2 зауыт салынады. 2025 жылы өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру зауытын салу жоспарланған, – деді үміткер.
Nur Otan партиясы Алматы облысының сайлау қорының қаражатынан төленді