Ақтөбеде әлеуметтік жағынан осал топтарға жылына кемінде 500 пәтер беріледі. Бұл туралы Nur Otan партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ербол Данағұлов, Сұлупан Шынтасова, Күлшат Масалимова «Есіктен есікке» акциясы кезінде сайлаушыларға айтты.
«Есіктен есікке» акциясы кезінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ербол Данағұлов, Сұлупан Шынтасова, Күлшат Масалимова алдымен көпбалалы ана Тоты Меделбаеваның шаңырағына барды. Бес баланың анасы таяуда ғана өз пәтеріне кірген. Жайлы қонысына мемлекеттік бағдарлама аясында қол жеткізген. Үміткер Ербол Данағұлов партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында қолға алынған игі істерді таныстырды. – Nur Otan партиясы тұрғын үй алу мүмкіндігін арттыру мақсатында кешенді шараларды қолданады. Облыста мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары тиімді іске асырылып жатқанын көпшілік біледі. Алдағы бес жылда облыста 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 31 мың пәтер салынады. Жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарына кемінде 500 пәтер беру, 2021-2025 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы үшін 23 мың жер учаскелерін беру көзделді. Нәтижесінде облыстың барлық ауданында шамамен 28 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғын үй кезегін 10 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Біз сіздерді 10-қаңтар күні болатын сайлауға қатысып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамыз. Партия алға қойған бар міндетті орындайды, – деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ербол Данағұлов. Өз кезегінде көпбалалы ана Тоты Меделбаева сайлау күні өз таңдауын жасауға міндетті түрде баратынын айтты. – Nur Otan партиясы халыққа жақын, әр азаматқа ашық. Сайлауға қатысу біздің азаматтық міндетіміз деп есептеймін. Өзім Nur Otan-ды таңдап отырмын. Біз сіздерді қолдаймыз, – деді Тоты Меделбаева. Сонымен бірге үміткерлер «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы бірнеше отбасымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясы кезінде сайлауалды бағдарламаны таратып, басымдықтарды таныстырды. Кездесу кезінде сауал жолдаған қала тұрғыны Бауыржан Кәденов жастарды жұмысқа орналастыру, кәсіп ашу жолын білді. – Басты мақсат – жастарды еңбекке араластыру. Nur Otan партиясы жыл сайын кемінде 8 мың жасты жұмысқа орналастырады. Өз ісін ашуға және бизнес жүргізуге облыс әкімінің 20-дан астам гранты бөлінеді. Жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыру үшін ірі компаниялармен арада келісім жасалады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық 3,3 пайыздан 3 пайызға дейін төмендейді, – деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сұлупан Шынтасова. Ал Мусиндер отбасы қазір 16 бала тәрбиелеп отыр. Таяуда ғана жайлы үйге орналасып, құс бағуды кәсіп еткен. Үміткерлермен кездесуде Nur Otan партиясын қолдап, дауыс беретінін айтты. – Біз тұрақтылықты қолдаймыз. Сөз емес, іспен дәлелдеген, нәтижелі көрсеткіші бар партия үшін дауыс береміз, – деді Светлана Мусина. Сонымен бірге облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жиеналиндер отбасында болды. Он баланың анасы Мира Жиеналина үйде тігін тігеді, ал отағасы қарапайым жұмысшы. – Біз үшін балаларымыздың болашағы маңызды. Олардың балабақшада тәрбиеленіп, жақсы білім алғанын қалаймыз. Еңбекке араласып, ел үшін іс қылса, жетістігіміз осы болар еді, – деді Мира Жиеналина. Nur Otan партиясы жарқын болашақ үшін балабақша, мектеп, аурухана құрылысын әлеуметтік бағытталған аймақ басымдығына кірістірді. Алдағы бес жылда 16 мектеп салынып, өңірде апатты, үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі. Сонымен бірге балабақшалар жөнделеді. Ем алу қолжетімді болады. – 2025 жылға дейін партия емханаларға 20 минуттық және дәрігерлік амбулаторияларға 10 минуттық қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін қойды. 15 денсаулық сақтау нысанын саламыз. Оның ішінде балалар инфекциялық корпусы, облыстық инфекциялық аурухана, Checkup және ПЭТ орталықтары, облыстық қан орталығы салынады. 2025 жылға дейін 28 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі. Қатерлі ісікті ерте анықтау үшін кемінде 20 мың адамға жыл сайынғы скрининг жүргізіледі. Мұның бәрі партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілген нақты міндет. Бұл шаралардың барлығы 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 75,5 жасқа дейін ұзарту мүмкіндігін береді. Сіздерді таңдау жасап, партияға дауыс беруге шақарамыз. Біз қиындықты бірге еңсереміз, – деді Ербол Данағұлов.Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық сайлау қорынан төленді.