Мониторинг топтар елорданың төрт ауданында кезекті рейд өткізді. Тексеру қорытындысы бойынша карантин шараларын бұзған ондаған мейрамханалар, кафелер мен караоке-барлар анықталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда қаласында мобильді топтар ойын-сауық мекемелеріне салынған тыйымның бұзылу фактілерін анықтап, жолын кесуді жалғастыруда.
Мысалы, Байқоңыр ауданында «Сивый мерин» сыра барында келушілер туған күнін түнде атап өтті. «Кедровый бор» саунасында да уақытша шектеу шаралары еленбеді. Ал «Шашлыкофф» гриль-барында мекеме қонақтары әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны және кальян пайдаланғаны анықталды.
Сарыарқа ауданында барлық тыйымдар мен санитарлық нормаларды еленбей, 10-ға жуық нысан жұмыс істеді. Олар: «Аяжан» дүкені, «Октоберфест» кафесі, «Қарақат» кафесі, «Қазығұрт» кафесі, «207» лаундж-бары, «Осторожно злая собака» кафесі, «Мясо в тесте» кафесі, «Бруно-Бар» ресто-бары, «Лугано» мейрамханасы және басқалары.