BBC Ninety One тобы туралы жазды
BBC Ninety One тобы туралы жазды

BBC қазақстандық Ninety One тобы туралы жазды. Телеарна жазбасында атал­мыш топтың жаңадан құрыл­ған уақытта сырт келбеті үшін қатты сынға ұшырағаны, қазір­гі кезде халықаралық аренада танымал екені жа­зыл­ған.

Сондай-ақ топтың Оңтүстік Кореяда пайда болған К-рор жанрында ән айтатынын, бірақ олардың жанры  Qazaq pop немесе Q-pop екенін де ерекше атап өткен. Ninety One немесе «91» тобы – 2015 жылдың 1 қыркүйегінде сахнаға шыққан қазақстандық бойзбенд. Топ продюсері – ORDA тобының әншісі Ерболат Беделхан. Ninety One құрамында ALEM (Батырхан Мәліков), ACE (Азамат Ашмақын), ZaQ (Дулат Мұхаметқалиев) және BALA (Данияр Кулумшин) бар. Айта кетейік, 2020 жылдың 5 тамызында A.Z. (Азамат Зенкаев) топ құрамы­нан кетті.

А.ЖАСАН