Семей коронавирус бойынша «сары» аймаққа кірді
Семей коронавирус бойынша «сары» аймаққа кірді
356
оқылды
Семей коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді. Бұл туралы Aikyn.kz қалалық әкімдіктің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің хабарлауынша, халықтың 100 мың тұрғынына шаққандағы апта сайынғы сырқаттанушылық және репродуктивті инфекцияның жиынтық индикаторын ескере отырып, Семей Шығыс Қазақстанның эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес Covid-19 таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді. «Осы себепті барлық қауіпсіздік шарасын сақтауларыңызды сұраймыз. Гигиена сақтап, маска тағып, қажеттілік болмаса адам көп жиналған жерлерге бармаңыздар», - деп жазды әкімдік. Бұған дейін ШҚО-да шектеу шаралары 18 қаңтарға дейін ұзартылған болатын.