Аналарды кедейліктен, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауымыз керек
Аналарды кедейліктен, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауымыз керек
169
оқылды
Өскеменде үгіт науқаны аясында Қазақстан Халық партиясының мүшелері мен белсенділері «Алтай» стадионында акция өткізді. Мереке күндері мұнда қала қонақтары мен тұрғындары жиналады. ҚХП еріктілері оларға үгіт материалдарын таратты. Кейбірі Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарымен танысып, қызықтырған сұрақтарын қойды.
– Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров теледебаттар кезінде экономикалық реформалардың, Қазақстанда халық экономикасын құрудың қажеттілігіне назар аударғаны белгілі. Біз бұл пікірді қолдаймыз және елдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдай шенеуніктердің айтқанынан әлдеқайда басқаша екенін білеміз. ҚХП мемлекет экономиканы дамытудың қағидатты жаңа моделін қабылдауы тиіс деп есептейді. Және ол халықтық болуы тиіс, – деп атап өтті ҚХП мүшелері үгіт науқаны кезінде.
Халық партиясының өкілдері өздері қойған негізгі талаптарды айтты. Дәлірек айтсақ, мемлекет сыбайлас жемқорлықты сатқындықпен теңестіруі керек, мемлекет өз халқын тыңдауы керек, әр отбасы 20 сотық жер алуға құқылы. Сондай-ақ мемлекет судьялардың сайланбалылығын енгізуге, табиғи ресурстардан түсетін кірістерді әділ бөлуі тиіс.
ҚХП-ның басқа да талаптары жетерлік. Олар: дәрігерлер үшін лайықты жағдай жасау, барлық азаматтар үшін зейнетақы мөлшерін ұлғайту, аналарды кедейліктен, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау.