Шетелден ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды
Шетелден ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды
155
оқылды
3 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі. 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 815 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 569 жолаушы; анықтамамен – 434, анықтамасыз - 135; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы; анықтамамен - 79, анықтамасыз - 21; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы; анықтамамен - 140, анықтамасыз - 6 адам келді. "Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында нәтижесін күтіп жатыр.
"3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале – Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен келген", - делінген хабарламада.