Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін қатты аяз болады
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін қатты аяз болады
140
оқылды
"Қазгидромет" РМК Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 6 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 40 градус қатты аяз сақталады. 6-8 қаңтарда Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 6 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 % құрайды.