БҚО-да заңсыз той өтіп жатқаны туралы хабарлаған 8 адамға ақшалай сыйақы төленді
БҚО-да заңсыз той өтіп жатқаны туралы хабарлаған 8 адамға ақшалай сыйақы төленді
202
оқылды
Батыс Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 1 желтоқсаннан бастап 5,7 миллион теңгеден астам сомаға жүзге жуық хаттама толтырылған. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, соңғы бір апта ішінде – 29 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында 708,39 мың теңгеге 15 хаттама толтырылған. Бұдан бөлек, облыстық комиссия бірауыздан сегіз азаматты ынталандыру туралы шешім қабылдады. Олар банкет, үйлену тойы мен басқа да мерекелік шараларды заңсыз өткізуге қатысты 10 факт жайлы хабарлаған. Сегіз адамның әрқайсысына 20 мың теңгеден сыйақы берілді.