Nur Otan Қарақия ауданында жыл сайын 200 жасты тұрақты жұмыспен қамтиды
Nur Otan Қарақия ауданында жыл сайын 200 жасты тұрақты жұмыспен қамтиды
233
оқылды

Сайлау өтетін күн жақындап, санаулы күндер ғана қалды. Үгіт-насихат жұмыстары қарқыны күшеймесе, басылмақ емес. Осы орайда Қарақия ауданында «Есіктен-есікке» акциясы тұрақты жүргізіліп келеді.

Ауданнан облыстық депутаттыққа үміткер Мейрамгүл Аманиязова мен сенімді өкілі Мақсат Жұмасат «Есіктен есікке» акция аясында Қарақия ауданы, Жетібай ауылы мен Құрық ауыл тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде тұрғындардың талап тілектері тыңдалды. Олар жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік қамту проблемаларын айтты. Ауылдағы көптеген жастардың дипломы бола тұра бос жүргендіктері, жұмыстың жоқтығын атап өтті. Көпбалалы аналар мен жалғызбасты аналарға қандай да бір көмек болса деген ұсыныстар да айтылды. Үміткер аталған мәселелер партия назарында екенін жеткізіп, партияның алдағы 5 жылда қандай әрекеттер атқаратынын айтты. – Қарақия ауданында 9 мыңнан астам жас бар. Nur Otan партиясы мен оның Jas Otan жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайды. Аудандағы шағын және орта кәсіпорындар және мекемелермен меморандумға отыру арқылы жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. 2025 жылға дейін, құрылған жаңа жұмыс орындарына жастардың арасынан 3 мыңнан аса жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылатын болады, – деді үміткер. Сондай-ақ ол «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асыруға және жыл сайын кемінде 60 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдесетінін жеткізді. Құрық пен Жетібай ауылдарында «Сoworking center» ашу арқылы, жастардың өз-өздерін дамытулары мен шығармашылықпен айналысуларына жағдай жасауға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде аудан жастарының 60% қамтуға мүмкіндік береді. Барлық ауылдық округтерде волонтерлік клуб құру арқылы волонтерлік қозғалысты дамытуды көтермелейді. Осы шаралар 2025 жылға дейін 1000 адамнан жоғары жастарды тұрақты жұмыспен қамтып (жылына 200), осылайша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3,2 ден 2,8 пайызға төмендетуге септеседі. Акция барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның жетістіктерімен бөлісіп, үнпарақтар таратты. Кездесуде халықтың тұрмысы, денсаулығы, білімі басты назарға алынғанын жеткізді. Сонымен қатар 10 қаңтарда өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

 Nur Otan партиясы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.