Белсенді сайлау науқаны жалғасын табуда. Nur Otan партиясынан Ақмола облысының Ерейментау аудандық мәслихатына үміткерлер тұрғындармен кездесіп, әділдік пен ашық жүйені қолдайтындарын жеткізді.
"Есіктен есікке" акциясы өз жалғасын тауып, кандидаттар әрбір сайлаушының үйіне ат басын бұрып, партия бағдарламасын таныстыруда.
Алдыңғы аптада үгіт-насихат жұмыстарын Көшеғұлов Саят Өсербайұлы мен Рахымбеков Әсет Жақсылықұлы жүргізді. Саят Өсербайұлы мен Әсет Жақсылықұлы – аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер. Қос үміткер ауыл-аймақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен жеке кездесуде.
Кандидаттар Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басымдығын алға тартып, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, ауданымыздың экономикасын, тұрақтылығын сақтап қалу партия мақсаттарының бірі екенін айтып өтті.
Nur Otan партиясы халықпен бірге! "Бізбен бірге болсаңыз,биік шыңдарға бірге жетеміз", – деп сөзін түйіндеді олар.
Nur Otan партиясының Ерейментау ауданы
сайлау қорының қаражатынан төленді