Елдіктің сынға түсер шағы
Елдіктің сынға түсер шағы
306
оқылды

Біз бүгін аса маңызды саяси оқиғаның алдында тұрмыз. Сайлау – елдігіміздің сынға түсер шағы. Санаулы күннен кейін халқымыз өзінің болашағы үшін дауыс береді. Осы орайда үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері «Nur Otan» партиясының өкілдері әр аудан, әр ауылға ат басын тіреп, жергілікті жердегі халықтың өтініш тілегін тыңдап, партияның ел игілігін арттыруды көздеген жоспарымен таныстыруда.

Облыстық сайлауалды штаб бекіткен кестеге сай «Nur Otan» партиясының өкілдері Қарағанды облысында жүздеген елді мекенге барып, тұрғындарымен әртүрлі форматта кездесулер өткізді. Соның ішінде біз де бірнеше аудан, қала тұрғындарымен жүздестік. Қарқаралы ауданында әріптесім, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ләззат Қожахметовамен бірге тұрғындардың сұрақтары бойынша партия бағдарламасындағы, соның ішінде Қарқаралы ауданы бойынша жоспарланып отырған игі бастамалар туралы тарқатып айтып өттік. Сұрақтардың дені көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік қолдаулар турасында қойылды. Сонымен бірге жұрттың білгісі келгені баспана алуға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың шарттары, оған қатысу жолдары болды. Бұл саланы жете зерттеп жүрген Л.Қожахметова көпбалалы аналарға нақты ақпараттар берді. Атап айту керек, ауданда тұрғын үй кезегінде 439 отбасы тұр, олардың ішінде 27 көпбалалы отбасы бар. Осы мәселені шешу үшін Қарқаралы ауданында 2020-2021 жылдары 36 пәтерлі екі үй, 2021-2022 жылдары 4 пәтерлі екі үй салу көзделген көрінеді. Сонымен қатар кездесу барысында жергілікті жерде медицина мамандарының тапшылығы айтылды. Дәл осы мәселеге қатысты партияның сайлауалды бағдарламасында алдағы жылдары Қарқаралы ауданына «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 10 медицина қызметкерін, соның ішінде 4 дәрігерді қызметке орналастыру көзделіп отырғанын жеткіздік. Кездесу соңында тұрғындарға 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлаудың жай-жапсары туралы мағлұмат беріп, өз таңдауын жасауға шақырдық. Қашанда берекелі тірлігімен ерекшеленетін Қарқаралы жеріндегі іссапарымыз мазмұнды болды. Сонымен қатар, Nur Otan партиясының Қаражал қаласындағы сайлауалды штабының ұйымдастыруымен жергілікті тұрғындармен zoom арқылы кездесу өткіздік. Кездесуге Станционный шағын ауданының тұрғындары қатысты. Қаражал – облыс экономикасында маңызды орын алатын өнеркәсіптік моноқалалардың бірі. Мұндағы өндіріс орны облыстың тау-кен саласындағы ірі компаниялардың үштігіне кіреді. Пандемия салдарына қарамастан, қалада өндіріс тоқыраған жоқ. Тұрғындар үшін алғашқы кезектегі мәселе осы ғой. Өйткені өнеркәсіп орындары қала тұрғындарының 40%-ын жұмыспен қамтып отыр. Кездесуде қатысушыларды партияның Қаражал қаласы бойынша алға қойған іс-шараларымен таныстырдым. Атап айтқанда, 2023 жылға қарай қалада орталықтандырылған сумен 100% жабдықтау көзделіп отыр. Тұрғын үй туралы айтар болсақ, шамамен 14 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 261 пәтер салу межеленген. 2021 жылы Ленин көшесіндегі үйлерді қалпына келтіру арқылы медицина кадрларын тұрғын үймен 100% қамтамасыз ету жоспарланған. 2025 жылға қарай қаланың 12 объектісінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің толық бейімделуіне қол жеткізу жоспарда. 2022 жылы Битабар көшесі бойындағы 160 орындық денешынықтыру кешенінің құрылысын аяқтау жоспарлануда; 2025 жылға дейін көпқабатты үйлердің аулаларында 25 балалар алаңын жабдықтау қарастырылған. Тұрғын үй демекші, Қаражалға қанаттас Жәйрем кентінде 20 жыл қараусыз тұрған үйлер қалпына келтіріле бастады. Жөндеу аяқталғаннан кейін кезекте тұрған 85 аз қамтылған отбасыға пәтер беріледі. Қаражалдың өзінде де осында үй жөнделіп жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылы аяқтау жоспарланған. Сол кезде тағы 104 отбасы баспаналы болады екен. Жалпы Қаражалда жүзеге асқан және алдағы жылдарға жоспарланған іс-шаралардың бір парасы осындай. Айта кету керек, кездесуде Станционный тұрғындары өздері тұратын ауданда мектеп, балабақша мәселесі өзекті екенін айтты. Негізі жаңа мектеп салынғаны дұрыс еді деседі. Сонымен бірге қала басындағы спорт секциясына шағын аудан балаларының барып-қайтуына қатысты қиындықтар бар екен. Бұл мәселелерді біз партия назарына жеткізетін боламыз. Елдік Сондай-ақ, «канвассинг», «есіктен - есікке» акцияларының аясында Қарағанды қаласының және Ақтас кентінің тұрғындарымен кездесулер өтті. Жоғарыда атап өткеніміздей, осынау кездесулердің барлығында азаматтар тарапынан көптеген өтініш-тілектер айтылды. Әрине, жергілікті өңірлерде, әсіресе шалғай ауылдарда шешімін күткен әлеуметтік мәселелер жеткілікті екені жасырын емес. Сондықтан алғаш рет Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы 216 аймақтық бағдарламада тарқатылып көрсетілді. Яғни әр өңірдің даму ерекшелігі есепке алынып отырып, қай аудан, қай қалада нақты қандай іс-шаралардың қолға алынатыны анық көрініс тапты. Бұл – жұмыс орындарының, жаңа өндірістің ашылуы, инфрақұрылымның жаңғыртылуы, миллиондаған шаршы метр тұрғын үй салу, тұрғындар алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуы. Қазіргі таңда жаһанды жайлаған пандемия, оның салдарынан туындаған экономикалық дағдарыс әлемдік даму процесінің белсенді мүшесі – Қазақстанның экономикалық ахуалына да айтарлықтай әсерін тигізді. Сынақтар легі әлі де болса алда екенін көріп отырмыз. Алдына үлкен мақсаттар қойып, даму көшінен өз орнын алуға ұмтылған кез келген жұрттың мұндай асуларға кезігіп отыруы – заңдылық. Ондай кедергілерді бағындыру үшін әрдайым байыпты шешімге жүгіне білу – шарт. Осы бір шақ халқымыздан «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруды» талап етіп отыр. Сондықтан, қашанда бір мақсат, бір мүдде төңірегіне топтасқан азаматтарымызды 10-шы қаңтарда өтетін сайлауда Nur Otan партиясын таңдап, берекелі тірлік пен баянды болашаққа, тұрақты дамуға дауыс беруге шақырамыз. Келер ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – бәрімізге ортақ парыз! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасында бұл сыннан да мүдірмей өтерміз. Алаш елінің мерейі үстем болғай.

Қамбар АХМЕТ, Nur Otan партиясынан Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат.

 Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді.