Солтүстік-батыста ғана түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 20-25 метр болады, екпіні 30 м/с-ке дейін күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан, Алматы облысында қатты аяз болады.