Бір түнде 509 құқықбұзушылық тіркелді
Бір түнде 509 құқықбұзушылық тіркелді

Оның ішінде тұрмыстық кикілжіңнен бастап, алкогольдік ішімдік ішіп, тәртіп бұзу фактілері де бар.

Атап айтсақ, тұрмыстық жанжал бойынша – 9, бұзақылық және қоғамдық тәртіпті сақтамау – 40, алкогольдік ішімдік  ішкендерге қатысты – 67, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамау – 32,  абаттандыру ережелерін бұзу – 40, қала мен елдімекеннің жасыл желегін жою және бүлдіру, сондай-ақ тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзудың 15 дерегі бойынша хаттама толтырылған.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 3000-нан аса полиция қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары мереке күндері демалыс орындарында карантин талабын қатаң сақталуын қадағалады.

Осылайша, бақылауды күшейткенімен 500-ден аса құқықбұзушылық тіркелді.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы