Әртістер Динара Сатжанның Late Night Show бағдарламасына қатысып, алғаш рет жұп болып сұхбат берді.
Олжас Абай мен Дариға Бадықова тойда ең көп ақшаны кім бергенін айтты
479
оқылды

Жақында шаңырақ көтерген әртістер Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойына кеткен шығынның өтелгенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әртістер Динара Сатжанның Late Night Show бағдарламасына қатысып, алғаш рет жұп болып сұхбат берді. Әңгіме барысында олар тойда алған сыйлықтары мен жұмсалған қаражат туралы сөз қозғады.

Олжас Абайдың айтуынша, ең қомақты сыйлықты KinoPark кинотеатрлар желісінің басшысы Алмас Малдыбаев берген.

«Той жақсы өтті, әдемі болды. Халық ризашылығын білдіріп, тілектерін айтты. Ең күшті сыйлықты өзіміздің ағамыз, кино әлемінде алға жылжуымызға әсер еткен KinoPark кинотеатрының бастығы Алмас Малдыбаев берді. Ол 5 миллион теңге сыйлады. Осы сәтті пайдаланып, Алмас мырзаға ризашылығымды, інілік құрметімді білдіргім келеді», – деді актер.

Сондай-ақ Олжас Абай тойдан кейін жұбайымен бірге түнгі сағат үшке дейін қонақтар берген конверттерді ашып, ақшаны санап, кімнің қанша сыйлағанын жазып шыққандарын әзілмен жеткізді.

Ал Дариға Бадықова той шығынына қатысты сұраққа қысқа жауап берді.

«Тиімді нәрсе, өзін жапты ғой. Минусқа кірмедік қой», – деді актриса.

Осылайша, ерлі-зайыпты тойға жұмсалған қаражаттың толық өтелгенін айтты. Бірақ мерекелік шараға нақты қанша ақша кеткенін және қанша қаражат жиналғанын жарияламады. Еске салайық, Олжас Абай мен Дариға Бадықова биыл қазан айында шаңырақ көтерген еді.