Исатайлық кәсіпкерлерге 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант бөлінеді
Исатайлық кәсіпкерлерге 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант бөлінеді
245
оқылды

Nur Оtan партиясы Исатай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Н.Мусин, А.Рахметов пен Ш.Хамзина және Nur Оtan партиясы Исатай аудандық сайлауалды штабының басшысы А.Бекішұлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Үміткерлер аудан тұрғындарына Nur Оtan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы, сондай-ақ Исатай ауданының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Ауданның сайлауалды бағдарламасында 2022-2023 жылдары Томан елді мекені және Нарын ауылынан 80 орындық балабақша құрылысын салу, 2023-2024 жылдары Исатай ауылында 100 орындық балабақша құрылысын салу жоспарланды. Аудандағы білім беру ұйымдарының оқушыларын 100% оқулықтармен қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарын пандемияға қарсы залалсыздандыру заттары мен медициналық құралдармен қамту, 2023-2024 жылдары Аққыстау ауылынан 250 орындық өнер мектебі мен Х.Ерғалиев ауылынан саз мектебі құрылысын салу арқылы аудандағы білім саласы алға жылжитын болады. Сонымен қатар үміткерлер кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында биылғы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 3 инвестициялық жобаларды іске асыруға 3,1 млрд теңге бөлініп, 780 жаңа жұмыс орындарының ашылғанын, оның 69,5 пайызы, яғни 390-ы Жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеуге алынған азаматтар екендігін, 10 коммуналдық мекемелердің жалға алу төлемдері 3 айға тоқтатылғанын, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлерге 31 жобаға 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант бөлінгендігін хабарлады. Алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 60 гектарға дейін кеңейту есебінен және мал басының өсуі есебінен, оның ішінде, ірі қара мал басы – 25 мың басқа, қой мен ешкі – 39 мың басқа, жылқы – 22 мың басқа, түйе – 9 мың басқа өсуі арқылы ауыл шаруашылығы өнімін шығаруды ұлғайту және 2024 жылы Аққыстау ауылында қуаты жылына 150 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу, 2024 жылы Аққыстауда жылдық қуаты 3 000 бас мал сою цехын салу туралы айтты. Сонымен қатар жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 17 жобаға грант ұсынуға, оның ішінде 2021 жылы – 2 жоба, 2022 жылы – 3 жоба, 2023 жылы – 4 жоба, 2024 жылы – 4 жоба, 2025 жылы – 4 жоба, ауыл бизнесін дамыту мақсатында «Бизнес-Аймақ» жобасымен жергілікті бюджет есебінен 39 жобаны несиелендіру, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына 200 адам оқытып, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 375-ке жуық азаматтарға стартап жобасына 200 адамға гранттар мен 175 адамға несие алуына ықпал ету жоспарланып отырғанын айтты. Шара соңында кандидаттар 10 қаңтар күні өтетін сайлауда еліміздегі беделді партия – Nur Оtan партиясына дауыс беруге шақырды.

Атырау облысының Nur Otan партиясының Исатай аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді