Атырау облысы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді
Атырау облысы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді
5,187
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 

Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 5 қаңтарда елде бір де бір облыс «қызыл» аймақта болмаған еді.

Алайда бүгінгі мәліметте «қызыл» аймаққа Атырау облысы қайта енгізілген.

Сонымен қатар «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта.