Бәсекеге қабілетті отандық тауарлар экспортын дамыту қажет
Бәсекеге қабілетті отандық тауарлар экспортын дамыту қажет
280
оқылды
Шетелден импортталатын әрбір тауар шетел валютасына сұранысты тудырады. Сондықтан  бәсекеге қабілетті отандық тауарлар экспортын дамыту қажет. «Ауыл» партиясынан   Мәжіліс депутаттығына кандидат Николай Арсютин үгіт-насихат тобымен бірге Екібастұз қаласының «Богатырь Транс» ЖШС ұжымымен кездесуінде осылай деді. «Богатырь Транс» ЖШС – темір жол жүгін тасымалдаушысы, Қазақстандағы вагондарды жөндеу бойынша ірі зауыт. Кәсіпорын 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді және қазақстандық көмір экспортын дамытуға белсенді қатысады. Николай Арсютин өңірдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуден басқа, экспортты дамыту ел үшін валюталық түсім алуға да тартымды деп санайды, бұл ұлттық теңгенің тұрақтануына оң әсерін тигізеді.
«Шетелден импортталатын әрбір тауар валютаға сұранысты тудырады, сондықтан да отандық бәсекеге қабілетті тауарлар экспортын дамыту аса маңызды. Осыған байланысты логистикалық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету стратегиялық маңызды міндет», – деді ол кездесуде.
Еңбек ұжымымен кездесуде «Бала нәсібі» балалар капиталын енгізу туралы да сөз болды. Жұмысшылар осы бастаманы іске асыру кезінде белгіленуі мүмкін төлем сомасына қызығушылық танытты. Николай Арсютиннің айтуынша, елімізде жыл сайын шамамен 400 мың бала дүниеге келеді және бюджет мүмкіндігін ескере отырып, 1 балаға ұсынылатын төлем сомасын кемінде 32 мың теңгеге көтеруге мүмкіндік бар. Мұндай жәрдемақы белгіленген жағдайда және оны 18 жасқа дейін төлеу қажеттілігін ескерсе,  бюджет шығысы шамамен 2,3 трлн теңгені құрайды. Кандидат тиімсіз республикалық бюджеттік бағдарламалардың провизорлық талдауы оларды секвестрлеу кезінде жыл сайын шамамен 300-400 млрд теңге қарастыруға және оны балалар капиталының қамтылуын кеңейтуге немесе ай сайынғы соманы ұлғайтуға бағыттауға болатынын көрсетіп отыр дейді.