Мақтааралдықтар Nur Otan партиясына алғысын айтты
Мақтааралдықтар Nur Otan партиясына алғысын айтты
206
оқылды
Мақтааралдықтардың Nur Otan партиясына деген алғысы шексіз. Өйткені мұндағы жұрт көктемгі тасқын су кезінде бас партияның көмекке алғашқылардың бірі болып келіп, халықтың жанынан табылып, гумманитарлық көмекті ұйымдастырғанын, Biz birgemiz қорының есебінен жаңа мөлтек ауданнан 32 үй салып бергенін жақсы біледі. Бүгін бұл туралы Nur Otan партиясы атынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев пен Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Қайрат Балабиевтің мақтааралдықтармен кездесуінде айтылды. Естеріңізде болса, өткен жылдың мамыр айында болған Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының апатқа ұшырауы салдарынан Мақтаарал ауданының 5 бірдей ауылы су астында қалып, ондағы тұрғындар бірқатар қиындықтарды басынан өткерді. Әрине, әрбір қиыншылықтың қайыры бар деген, бүгінде Өргебас пен Фирдауси елдімекенінің 600-ге жуық тұрғыны үкіметтен бөлінген 17 миллион теңгені алып, зәулім үйлер тұрғызып алды. Ел азаматтары алдымен Жаңажол ауыл округіне қарасты Өргебас ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың бүгінгі жай-күйімен танысып шықты. Кездесу барысында үміткерлер тұрғындардың қонысына құтты болсын айтып, Nur Otan партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп берді. Мақтаарал – Өткен жылғы қиындықты қазақ жұрты бірге еңсерді. Бұл елдің ынтымағы мен бірлігінің арқасында іске асты. Елбасымыздың бастамасымен құрылған Birgemiz қоры арқылы 32 жаңа үйдің құрылысы жүргізілді. Nur Otan партиясы арқылы жүздеген тонна гуманитарлық көмек ұйымдастырылды. Аталған көмектің арқасында мақтааралдықтар қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жеткеніне бүкіл қазақ жұрты куәгер болды. Енді мұндай апаттардан сақтасын, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!, – деді Қайрат Балабиев. Мұнан соң үміткерлер Фирдауси ауылының ақсақалдарымен кездесіп, пікір алмасты. Үгіт-насихат үнпарақтарын таратып, ауылдағы жыл бойғы атқарылған жұмыстарды бағамдап шықты. Үміткерлердің назарынан Мырзашөл ауылының іргесінен бой көтерген жаңа мөлтек аудан да тыс қалған жоқ. Кездесулерде ауыл билері мен ақсақалдары Мақтаарал ауданындағы елдімекендерде электр жарығының жетіспеушілігін, тік дренаждардың істен шығуын, каналдар мен арық-атыздарды тазалау, газдандыру және ауыл жастарына стадион салып беру мәселелерін алға тартты. Үміткерлер айтылған мәселелер Nur Otan партиясының бақылауына алынып, алдағы 5 жылда толығымен жүзеге асырылатынын жеткізді. Сондай-ақ олар мақтааралдықтарды 10 қаңтар күнгі партиялар арасындағы сайлауға біркісідей атсалысып, бас партияға дауыс беруге шақырды.

Материал Nur Otan партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.