Камералық бақылау арқылы Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесінде 1 трлн теңгеден астам қаражатқа бұзушылық анықталды, - деп хабарлады Қаржы министрлігі.
«Камералық бақылау қорытындысы бойынша 1 трлн теңгеден астам қаражатқа бұзушылық туралы 31,7 мың хабарлама жолданды», - делінген хабарламада.
Сонымен тексерістің шамамен 10%-ында бұзушылық анықталған.
2020 жылы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 10,4 трлн теңгеге 1,4 млн мемлекеттік сатып алуды қамтыған.