Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
299
оқылды

Біздің кезекті сайлау науқанының басты ұраны – қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз. Бүгінде тұрғындар партиядан нақты мәселелерді шешуді, жаңа бастамаларды ілгерілетуді күтеді.

Тұрғындарды алаңдататын мәселелер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытында қамтылған. Осы басым бағыттар Nur Otan партиясынан партиялық тізімге кірген 24 аудандық маслихат, 2 облыстық маслихат депутаттығына үміткерлердің мекемелерде болып, ұжым мүшелерімен, тұрғындармен кездесуде жан-жақты түсіндірілді. Nur Otan партиясының аудандық сайлауалды қоғамдық штабында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 39 тұрғынның уәжі тыңдалды. Олардың пікірлері тыңдалып, ұсыныстарының назарға алынатыны айтылды. Сайлаушылармен кездесуде көтерілген мәселелер мен сұрақтардың негізі әлеуметтік-экономикалық мазмұнда болды. Шағын ауылдарды жарықтандыру, ауылдардағы жолдарды жөндеу, газдандыру, бүгінгі күндегі дүкендердегі, базардағы бағаның тұрақсыздығы, кейбір елді мекендердегі интернет желісі қуаттылығының төмендігі, балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы мен тұрғын үй кезегіне тұруын реттеу, сондай-ақ дәрігерлер мен мұғалімдерді тұрақтандыру үшін қызметтік тұрғын үйлер салынса, ауылдарда еріктілер жұмысы кеңінен ұйымдастырылса деген сұрақтар болды. Nur Otan партиясының сайлауалды қоғамдық штабы мүшелерімен сенімді өкілдер бұл сұрақтарға мүмкіндігінше жауап берді, ал бақылауға алынатындарын тиісті мекеме басшыларына жолдайтындықтарын жеткізді. Сайлаушылармен болған кездесудегі сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер жеке бастың мәселесі емес халықтын әл-ауқатын жақсартуға, жергілікті жерімізді көркейтуге бағытталғаны қуантады. Үміткерлер мен сенімді өкілдер қатысқан кездесулерде халықтың мемлекет басшысына, Nur Otan партиясының бағытына сенімдері зор екенін, сайлауда оң таңдау жасайтындықтарын айтып, қолдау білдірді.

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының 28 бап, 5 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатына депутатар сайлауға  Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің сайлау қорынан төленді. 

Тапсырыс беруші: М.Мұратқызы