Шымкенттің бас санитар дәрігерінің "Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы" қаулысы жарияланды.
Қаулыға сәйкес Шымкентте карантин 25 қаңтарға дейін ұзартылды.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі. Тұрғындар әлеуметтік қашықтық сақтап, маска тағып жүруі тиіс.
Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.