Алматыда 1 қаңтар күні жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім өлі күйінде табылды. Өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
1 қаңтарда үйінен шығып кеткен жасөспірімді іздеуге полиция мен еріктілер жұмылдырылған.
Қылмыстық іс ҚР ҚК 105-бабы "Суицидке итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Оқиғаның себептері мен өзге де жағдайлар тергеліп жатыр.