Қыста жол салған мердігер компания мен әкімдік соттасып жатыр
Қыста жол салған мердігер компания мен әкімдік соттасып жатыр
153
оқылды

Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері тапсырылған жұмысты уақытылы орындамаған кәсіпкерді сотқа берді. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Ақ қардың үстіне жол, тас төсеген жұмысшыларды көрген тұрғындар әлеуметтік желіде видео жариялады.

Жол салған мердігер Сефа Азизов: «Осы аумақтағы жөндеген жолдан қалған өрнектастың біраз бөлігін біреулер ұрлап кетті. Содан қалған тасты осы жерге төседік. Бұған бюджеттен ақша шықпайды. Тротуарды талапқа сай жасадық, жолдың астын жазда нығыздап қойғанбыз», – дейді.

Бірақ қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мұнымен келіспейді. Олар жұмысты уақытында орындамаған мердігер жауаптан осылай жалтарып отыр дейді.

Орал қалалық ТҮКШ, ЖМ және АЖ бөлімі басшысының орынбасары Асылан Даубаев: «Мердігер мекеме аталған нысанды уақытында аяқтамаған. Сол себепті қыстың кезінде жұмыстарды жүргізіп, нысанды бізге тапсырғысы келген. Алайда құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталмауына орай, бүгінгі күні біз бөлімнің атынан сотқа талап-арыз жолдадық. Сот шешімі ақпанда шығады», – деді.

Сондықтан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі келісімшартта көрсетілген 80 миллион теңгенің 20 миллионын төлемеген.

  https://youtu.be/KCgDR4ZVVVg