Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 286 адамның жағдайы ауыр
Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 286 адамның жағдайы ауыр
5,150
оқылды
7 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 918 адам короновирус инфекциясынан (10 681 КВИ+ және 12 020 КВИ-) емделіп жатыр, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Оның ішінде 5 208 пациент стационарда, 17 710 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус жұқтырғандар арасында: 286 адамның жағдайы ауыр; 51 пациенттің жағдайы өте ауыр; 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.