Партия орындалатын іске уәде береді
Партия орындалатын іске уәде береді
210
оқылды

Сайлау алдындағы үгіт кезеңі аяқталды, бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша орасан зор жұмыс артта қалды. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданынан 24 кандидат аудандық мәслихатқа, үшеуі облыстық мәслихатқа, біреуі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне дауысқа түсті. Осы уақыт ішінде барлық деңгейдегі өкілді органдарға қызылжарлық кандидаттар халықпен жұмыс істеудің түрлі нысандарын пайдаланды.

Бұл «Есіктен есікке» республикалық акциясы, тікелей эфирде, Zoom платформасы арқылы сайлаушылармен кездесулер, ауданның құрметті азаматтарымен канвассингтер, еңбек ұжымдарымен және ауыл тұрғындарымен, аудандық сайлауалды штаб қабырғасында нысаналы топтармен, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарымен кездесулер, экспромт-кездесулер және т.б. сайлау алдындағы үгіт кезеңінде барлығы онлайн және офлайн-форматтарда 200-ден астам іс-шара өткізілді. Халықпен жұмыстың 13 түрі мен нысаны қолданылды. Өткен уақыт ішінде үміткерлер халықпен кездесіп қана қоймай, тәжірибе жинақтады. Олардың әрқайсысы жерлестердің партия ісіне деген мейірімділікпен ғана қарсы алғанын атап өтеді, өйткені қызылжарлықтар тұрақтылық, бейбітшілік және гүлденген елде өмір сүруді қалайды. Партияның негізгі міндеті – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау олардың қалауына толық сәйкес келеді. Адамдар біздің ауданға бағытталған сайлауалды бағдарламаның негізгі міндеттерін ықыласпен тыңдады. Оның үстіне, бағдарламада көрсетілген жобаларды іске асыруға арналған қаражат жергілікті бюджетке салынды. Әркімнің алдағы бес жыл ішінде бюджет қаражатының қалай жұмсалатынын және бағдарламада жазылған партияның негізгі басымдықтарының қаншалықты орындалатынын бақылауға мүмкіндігі бар. Бұл «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар» деп аталатын бағдарламаның бір бағытын тікелей растау. Кандидаттар ауыл шаруашылығы, білім беру, медицина, кәсіпкерлік, заң салаларының мамандары. Олар ауданда ел игілігіне бағытталған іс-әрекеттерімен танымал, сондықтан жетістіктермен бекітілген сайлауалды бағдарламаның әртүрлі бағыттарын өмір мысалдарымен ұсынды және суреттеді. Аудан халқы бүгінде ауданда болып жатқан өзгерістердің аналогы кем дегенде он бес жыл болмағанын айтады. Адамдар көргендеріне ғана сенеді, сондықтан да адамдардың проблемаларына бей-жай қарамайтын, мықты, көреген, дана көшбасшы – Nur Otan партиясының соңынан еруге дайын. Қызылжар сайлауалды штабының төрағасы Мара Жұмабаева атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды: «Партия орындалмайтын дүниеге уәде етпейді. Біз аудан халқының қиындықтары туралы білеміз және өзімізге байланысты мәселелерді барынша шешуге міндеттіміз. Сонымен қатар, біз бұрын орындалған жұмысты жетілдіреміз. Адамдар Nur Otan үшін дауыс беруге дайын, өйткені олар елдегі, облыстағы, аудандағы оң өзгерістерді күн сайын көріп отыр. Өзгерістер еш жерден алынбайды. Оларды адамдардың өздері жасайды. Біз ешкіммен бәсекелеспейміз және күреспейміз – біз тек мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыс істейміз және адамдар оны бағалайды. Сондықтан біз партияның алдағы сайлаудағы жеңісіне нық сенімдіміз».

Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді.