Nur Otan-ның қолдауымен Сарысу ауданының 75 пайызы газбен қамтылатылады
Nur Otan-ның қолдауымен Сарысу ауданының 75 пайызы газбен қамтылатылады
207
оқылды

Сарысу аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Л.Мырзабеков пен Т.Түсіпбековтер Жаңаталап ауылының ақсақалы Қалдыбек Жайхановтың шаңырағында болып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде бағдарлама аясында ауданда атқарылатын жұмыстар мен Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сарысу – Nur Otan партиясы азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әрбір адамның таза суға, ауаға және сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуін қолдайды. 2023 жылға қарай облыстағы 119 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2025 жылға қарай 107 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған газбен қамту міндеті тұр. Тараз қаласы мен 10 аудандағы 85 ауылдық елді мекенде жалпы ұзақтығы 862 шақырым су құбыры желілерінің құрылысы іске асырылса, 36 ауылда ауыз су тазарту ұңғымасы орнатылады. Сондай-ақ 8 аудан жалпы қуаттылығы 582,7 шқ газбен жабдықталамақ, – деді кандидаттар. Ауданда басты мәселе жылу, газ жүйесі болып отыр. Жалпы Сарысу ауданында 25 елді мекен бар. Оның ішінде 4 елді мекен газдандырылған. Сондықтан бағдарламаға сай Жаңатас қаласындағы орталық қазандық қайта құрылмақ. Нәтижесінде 14 елді мекен газ жүйесіне қосылып, ауданның 75 пайызы газбен қамтылатын болады. Бұған қоса, Жаңатас қаласының маңында салынып жатқан «Жаңатас жел электр стансасы» ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылса, тек Сарысу ауданы ғана емес, бірнеше елді мекен жарықпен қамтылмақ. Үміткер жеткізген жаңалық ақсақалдың көңілін көтерді. Аудан жұртшылығы үшін қуанышты екенін жеткізіп, партияны қолдайтынын айтты.

Nur Otan партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.