Бекшин коронавирус қаңтарда өршуі мүмкін екенін айтты
Бекшин коронавирус қаңтарда өршуі мүмкін екенін айтты
5,137
оқылды
Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндады. Оның айтуынша, «Алматы «сары» аймақта тұр. Сондықтан қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында шектеу шараларын бақылауды күшейту қажет.
«Үш айда коронавирусқа шалдыққандар саны 14 есе өсті (қыркүйекте – 165 жағдай, қазанда – 366 жағдай), яғни 1 айда 2,2 есе өскен. Қарашада – 1399 жағдай, желтоқсанда - 2256 жағдай тіркелді. Қаңтар айының 6 күнінде індетті 600-ден астам адам жұқтырған. Қаңтар айына арналған болжам онша жағымды емес. Осы айда шамамен 4500 адам  коронавирус жұқтыруы мүмкін», - деді Бекшин.
Бұған дейін Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті, медицина профессоры Алмаз Шарман еліміздегі эпидемиологиялық жағдай 2021 жылы қандай болатынын айтқан болатын.