Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Алматының тарихи орталығында «нүктелі» құрылысты тоқтату шаралары туралы айтты.
Тарихи орталықта "нүктелі" құрылыс салуды реттеу, сондай-ақ тоқтату мақсатында қала әкімдігі қаланың коммуналдық меншігіне тарихи орталықтың шекарасы шегінде игерілмеген 24 жер учаскесін сатып алуды ұсынды.
Олардың екеуі Алматы қаласының проблемалық кредиттер қорынан жер беру арқылы қала қорына ауысты. Бұл Абылайхан – Құрманғазы, Панфилов – Шевченко ауданында.
А. Ахметжанов Алматының тарихи орталығында "нүктелі" құрылысты тоқтату туралы шешім туралы айта келе, бұл ұзақ әрі ауыр жол болғанын атап өтті.
«Біз терең талдау жүргіздік. Қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескерместен бір нәрсе алу, өзгерту және тоқтату мүмкін емес еді. Бас жоспарды түзетудің аяқталу кезеңінде қолданыстағы заңнамада қолдануға болатын барлық материалдар жиналды және терең талдау жүргізілгеннен кейін Алматы қаласының әкімі қаланың орталық бөлігіндегі сәулет-құрылыс қызметін реттеу үшін тиісті тапсырма берді», – деді А.Ахмеджанов.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда Алматының тарихи орталығында нысандар салуға рұқсат берілмеген.
Тарихи орталықта биік ғимараттар салуға тыйым салынбақ. Бос жер учаскелеріндегі бұрын бұзылған тарихи ғимараттар біртіндеп қалпына келтіріледі.
Алматы қаласының әкімдігі Қаланың бас жоспарына сәйкес тарихи орталықтың шекарасын анықтаған болатын:
- оңтүстік жағынан Абай даңғылы бойынша
- шығыс жағынан Қармысов және Қайырбеков көшелерімен Гоголь көшесіне дейін
- Гоголь көшесі бойымен Бұзырбаев көшесіне дейін
- Мақатаев көшесімен Панфилов көшесіне дейін
- Панфилов көшесімен Райымбек даңғылына дейін
- Райымбек даңғылымен батыс бағытта Сейфуллин даңғылына дейін,
- Сейфуллин даңғылынан Жібек жолы көшесіне дейін
- Жібек жолы көшесі бойымен Масаншы көшесіне дейін
- Досмұхамедов және Байтұрсынов көшелерімен Жамбыл көшесіне дейін
- Жамбыл көшесі бойымен шығыс бағытта Мұқанов көшесіне дейін,
- Желтоқсан көшесімен Абай даңғылына дейін.