"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 8 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында дауылдың ықтималдығы 85-90%, кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
8 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.
7-9 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 7 қаңтарда түнде облыс бойынша 25 градус аяз болады.
7-08 қаңтарда түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 37 градус қатты аяз болады.
6-8 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.