Карантин шараларын бұзғандарға 4 млн теңге айыппұл салынды
Карантин шараларын бұзғандарға 4 млн теңге айыппұл салынды
5,145
оқылды

Түркістан облысында жаңа жылдың алғашқы аптасында карантин режимін бұзушыларға 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында 2021 жылғы 1-7 қаңтар аралығында 104 мобильді топ шектеу шаралары кезеңінде қызметін жүзеге асыратын объектілерге мониторинг жүргізді. Мобильді топтармен бір апта ішінде 612  нысан тексеріліп, 83  айыппұл салынды. Оның ішінде 82-сі жеке тұлғаларға, жалпы соммасы 3 587 910 теңге көлемінде және 1 жеке кәсіпкерге 335 455 теңге көлемінде айыппұл салынып, хаттамалар  толтырылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы  3 923 365  теңгені құрады.