Бүгін қай өңірде қатты аяз болады?
Бүгін қай өңірде қатты аяз болады?
205
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, антициклонның әсерінен күн аязды болады.

Солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстікте қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Батыста көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түнде Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.