Қазақстандықтарға 42 500 теңге төлем туралы SMS хабарлама келді
Қазақстандықтарға 42 500 теңге төлем туралы SMS хабарлама келді
259
оқылды

Кейбір қазақстандықтарға 42 500 теңге әлеуметтік төлемін алуға келісім беру туралы SMS хабарлама келген.

8 қаңтарда таңертең әлеуметтік желілерде SMS хабарламаның скриншоттары пайда болды. Қазақстандықтарға "5 шілдеден бастап табыссыз қалуға байланысты 42 500 теңге көлемінде төлем алуға келісесіз бе" деген хабарлама келген. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бұл техникалық ақау екенін хабарлайды.

"Түнде жүйелерді жаңарту бойынша стандартты жұмыс жүргізіліп, сол кезде орын алған ақаулық төлем тағайындалғаны туралы ескі хабарламалардың жіберілуіне себеп болған. Хабарлама байланыс операторларының 400 000 абонентіне жіберілген. Бұл жағдай бей-жай қарайтын нәрсе емес әрі ол адами фактор жағдайында орын алды. Себепсіз мазалағанымыз үшін кешірім сұраймыз әрі бұл жағдайға түсіністікпен қарағандарыңыз үшін өз ризашылығымызды білдіреміз!"- деді "ҰАТ" АҚ баспасөз хатшысы Анар Мағзұмова.