Халқымыздың санасында Семей – бергідегі қазақ руханиятының алтын бесігі.
Нұротандықтар қара Ертістің жағалауындағы қалың елге сайлау науқанына байланысты келді. Үгіт-насихат жұмыстары пысықталып, бірқатар мазмұнды кездесулер өтті.
"Қоғамдық пікір көшбасшыларымен, өңірдің зиялы қауым өкілдерімен, жастармен, штаб мүшелерімен, партиялық бақылаушылармен жүздескенімізде, семейліктердің партияға деген ықыласының зор екеніне көзіміз жетті.
Кездесуге қатысқан партия және мемлекет қайраткері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов «Nur Otan»-ның нағыз жалпыхалықтық бағдарлама әзірлегенін баса айтып, оны елдің қолдап отырғанын жеткізді.
Бір ғасырдан астам тарихы бар, кезінде Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев секілді ұлт зиялылары білім алған, қазіргі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне де ат басын бұрып, тағылымы терең тарихқа, ұлылардың жүріп өткен жолына үңілгендей болдық.
Жалпы, үгіт-насихат жұмыстары басталғаннан бері партияның қоғамдық қабылдауларына 56 мыңнан астам өтініш түсті, оның 20 мыңға жуығы – сайлаушылардың ұсыныстары мен аманаты. Кандидаттар мен сенім білдірілген тұлғалар 7,3 мың қабылдау өткізді.
Азаматтарды негізінен әлеуметтік қамтамасыз ету, инфрақұрылым, тұрғын үй мен жер учаскелерін бөлу, жұмысқа орналастыру, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. өзекті мәселелер толғандырады екен.
Халықтың өтініштері мен аманаттары партияның ерекше бақылауына алынып, орындалу барысы қатаң қадағаланатын болады", – деді Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбай.