6 қаңтарда Жылыой аудандық ауруханасында 3 жасар қыз көз жұмды. Құлсарыдан тағы бір үш жасар бала Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді,- деп жазады "Ақ Жайық".
Бұл туралы Жылыой аудандық ауруханасы директорының орынбасары Клара Тағамбаева хабарлады.
Қазір облыста Жылыой ауданынан коронавирусқа шалдыққан бірнеше бала ауыр жағдайда Атырауға жеткізілгені туралы ақпарат тарап жатыр. Облыс тұрғындарының бір-біріне жолдаған хабарламаларында 6 жас пен 6 айлық шамасындағы балалардың комаға түскені жөнінде айтылып жатыр.
- Іс жүзінде бізде екі ауыр жағдай болды. 5 қаңтарда бізге екі бала түсті. Қыздың жағдайы өте ауыр болды, балада құрысу, іш өту, сусыздану, жоғары температура, ми ісінуі болды. Мұның бәрі инфекцияның салдары. Нейротоксикозге дейін асқынды. Оны осы күйінде облыс орталығына апару мүмкін емес еді, сондықтан Атыраудан санавиациямен жәрдем шақырдық. Бірақ мамандардың күшіне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Бірақ оның жағдайы Атырауға жіберуге келетін еді. Балалардан сынама алынды, коронавирусқа қатысты сынама теріс болып шықты, - дейді К.Тағамбаева.
Балалар бір-біріне туыс емес, сондай-ақ бұрын сушиден уланған Құлсары тұрғындарымен де ешқандай байланысы жоқ.
Естеріңізге салсақ, 28 желтоқсанда аудандық ауруханаға тамақтан улану белгілерімен 16 адам түсіп, көп ұзамай уланғандардың жалпы саны 43-ке жеткен еді. Пациенттердің барлығынан іш өту, жүрек айну, лоқсу және жалпы әлсіздік байқалған. Олардың бәрі жергілікті «Три самурая» дәмханасынан үйлеріне суши жеткізуге тапсырыс берген.