ДДСҰ: Жаңа вирус 22 елге тарап үлгерді
ДДСҰ: Жаңа вирус 22 елге тарап үлгерді
5,188
оқылды
Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген түрі Еуропаның 22 еліне тарап үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағы бюросының басшысы Ханс Клюге мәлім етті. Оның айтуынша, жаңа штамм кез келген жастағы адамдардан анықталған. Сондықтан ол бүкіл әлемге тарап, Ұлыбританиядағыдай басты коронавирусқа айналу қаупі бар. Еске сала кетейік, коронавирустың өзгерген түрі Ұлыбританияда өткен желтоқсан айында тіркелген болатын. Жаңа штамм алдыңғы коронавирусқа қарағанда адамдарға тез жұғатыны анықталған. Әлемнің көптеген елі корольдікпен әуе қатынасын тоқтатып, бұл елдерден келген адамдарды қатаң тексеруге кірісті. Дегенмен ұйым вакцинаға көп үміт артып отыр. Коронавируспен күресте ұжымдық иммунитет маңызды рөл ойнауы тиіс. Бірақ бұл нәтижеге жетпес үшін алдымен вирустың таралуын азайту қажет. Себебі вакцина дертке қаншалықты ұзақ тосқауыл қоя алатыны әлі беймәлім, – дейді ДДСҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге.