Қарағанды облысында оқушылардың 60%-і мектепте оқитын болды
Қарағанды облысында оқушылардың 60%-і мектепте оқитын болды
213
оқылды
Қарағанды облысында оқушылардың 60%-і үшінші тоқсанды мектепте оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24». 23 мыңға жуық 9-11 сынып оқушыларының сабағы іріктеліп оқытылады. Яғни қазақ тілі, математика, химия мен физика және дене тәрбиесі мектепте өтсе, информатика, сызу, еңбек сынды пәндер онлайн режимде жүргізіледі. 1-5 сынып оқушылары ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптарға барады. Қазір облыста 6 мыңнан астам кезекші сынып бар. Іріктеп оқыту әдісі колледждерде де қолданылады. 1-4 курс студенттері оқу ордасына барса, 2-3 курс қашықтан оқыту әдісімен оқиды. "Арнайы мектептегі оқушылар мен интернатта жататындар үшін де оқу дәстүрлі түрге ауыстырлады. Тек оқушылар интернатқа жатқызылмайды. Бұл – санитар дәрігерлердің талабы. Және бұл оқу әдісі тек үшінші тоқсанға ғана арналған. Төртінші тоқсандағы оқу эпидемиологиялық ахуалға байланысты өзгеруі мүмкін",– дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.