9 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с болуы мүмкін.
Жамбыл облысында 9-13 қаңтарда кей жерлерде тұман түседі. 12-13 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 10-13 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, 12 -13 қаңтарда екпіні 23-28 м/с болады.
Тараз қаласында 9-13 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. 12, 13 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с. Петропавл қаласында 9 қаңтар күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.