Атырау облысының Құрманғазы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар іс-шара жүзеге асады.
Мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындары арасындағы қатынастардың мүлде жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары ашықтық, есеп беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы керек.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағытының бірі - сыбайлас жемқорлықпен күресу.
Бұл үшін Nur Otan партиясы келесі міндеттерді жоспарлайды:
Азаматтарға жеке кілтті (электрондық цифрлық қолтаңбаны) алу жөнінде рәсімдерді оңтайландыру;
«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы онлайн алынатын құжаттардың дерек қор базасының жұмысын күшейту;
Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, рәсімдік қадамдарын азайту;
Аудан бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияларында жыл сайын 8 сұрақтан кем емес мәселені қарау;
2025 жылға дейін мемлекеттік қызмет көрсетуді бір терезе негізінде 90 пайызға және электрондық үкімет порталы арқылы 88 пайызға алға жылжыту;
Аудан дамуының өзекті мәселелерін қоғамдық кеңесте, мәслихатта қарауды әрі қарай жалғастыру;
Қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі бар шағын және орта бизнес нысандары желісін 15 пайызға арттыру;
Төртінші деңгейдегі бюджетті бөлуді жергілікті қоғамдастықты барынша көбірек тарта отырып, ашықтығын қамтамасыз ету;
Азық-түлік тауарлар бағаларының өспеуіне мониторинг жасау;
Халықпен кері байланыс орнату мақсатында Telegram-чат ашылып, әлеуметтік желі арқылы ауданда болып жатқан түрлі мәселелер бақыланып, оның шешімін табудың жолдарын бақылау;
Жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне толық ішкі талдау жүргізуге ықпалды шаралармен қамтамасыз ету.
З.Карсакова,
Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер.
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатынан төленді