Әне-міне өтуі тиіс сайлау жақындаған сайын науқандық үгіт-насихат жұмыстарына жан біткендей. «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Атырау сервис колледжінің педагогтарымен кездесті. Жиын барысында өңірдегі білім сапасын көтеруде жасақталған бағдарламаны таныстырып шықты. Үміткермен бетпе-бет жүздескен мұғалімдерді өздерін мазалаған сауалдың жауабын алды.
Мұғалімдердің бірі қоғамдық көлік қатынасына байланысты базынасын айтса, енді бірі қала сыртындағы ауылдарды, яғни Геолог, Жұлдыз елдімекендерінде интернеттің жоқтығын жеткізді. Бұл ретте облыстық мәслихат депутаттығына үміткер мұндай мәселелерден билік басындағылардың хабардар екенін, алдағы уақытта мәселенің бір жақты болатынына сендірді.
«Nur Otan» партиясы сайлауда көп дауыс жинаса, бағдарламаға енгізілген білім саласындағы біраз мәселенің түйіні шешілгелі тұр. Ол үшін 10 қаңтар күні өз таңдауыңызды жасауға сайлау учаскесіне келуіңіз керек. Жиынға қатысқан ұстаздардың да айтқаны осы болды. Парасат пен пайымды түсіне білетін педагогтар бір ауыздан «Nur Otan»-ға дауыс беретін болып тарқасты.