Buralqy студиясы The Weeknd клипін түсіруге атсалысады
Buralqy студиясы The Weeknd клипін түсіруге атсалысады
246
оқылды

Қазақстандықтар әлемдік  шоу-бизнесті  «жаулауды» жалғастырып жатыр. Олай дейтініміз, соңғы кездері шоу-бизнес саласында отандастарымыз шетелдіктер тарапынан жоғары баға алып, мойындалуда. Сондай жағымды жаңалықтың бірі – қазақ­стандық Buralqy студиясының канадалық әнші The Weeknd-тің жаңа бейнебаянына арналған VFX-эффектілер жасауы.

Танымал The Weeknd-тің жаңа әні Save Your Tears деп аталады. Оған арналған VFX-эффектілерді отандық студия қолға алып жатыр. The Weeknd After Hours атты альбомындағы тректерге визуал жасауды жалғастырады. Осы жолы Save Your Tears әніне бейнебаян шықты. Оған арналған арнайы эффектілерді қазақстандық моушн-дизайнерлер командасы қолға алды. Қосымша ақпарат ретінде айта кетсек, Buralqy студиясы бұған дейін Айсұлтан Сейітовтің бейнебаяндарына визуал эффекті жасаған еді. Атап айтқанда, америкалық Migos триосына, жапон әншісі Joji-ге, сонымен бірге ТМД-ның көптеген орындаушысына жақсы туынды жасауға қол ұшын берген. Бұл команданың жасаған ең соңғы жұмыстарының бірі ретінде «Масло черного тмина» деген лақап атпен танымал  қазақстандық рэп орындаушысы Айдын Закария­ның клиптерін айтуға болады.

Жадыра АҚҚАЙЫР